06 Қырқ 2022
2022 - 2023 оқу жылы

Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені

Жерлес ақын Айтқали Нәріковтың шығармашылығына арналған ЖАЙЫҚТЫҢ ҚОҢЫР ҮНДІ ҚОҢЫРАУЫ атты жоба жұмысының жоспары

Жоба негізгі мектеп оқушыларына Батыс Қазақстан өңірінің танымал, жерлес ақынымыз Айтқали Нәріковтің өмірі мен шығармашылығын оқыта отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуді, ана тілін қастерлеу мен халқына қызмет етудің мән-мағынасын ұғындыруды көздейді. Батыс Қазақстан өңірі поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген жанның  ұтқыр ой мен әдемі сөз өрнегіне құрылған шығармашылық қоржынын келер  ұрпаққа аманат ету басшылыққа алынды.

Мақсаты – Оян ауылынан  шыққан ақын – А.Нариковтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау арқылы оқушының танымдық қабілеттерін логикалық ойын дамыту;

Міндеттері: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа, ізденіске баулу, халқымыздың қадірлі тұлғаларын қадірлеу, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық өсуіне ықпал ету, жаңа қызықты идеяларын енгізу;

Күтілетін нәтиже:

Жайықтың ақыны  - А. Нариковтің шығармаларын оқып білуге, оның мән – мағынасына терең бойлап, оқушы жүрегіне жеткізуге, әдебиет әлемін түсінуге жол ашу. Туған өлкемізден түлеп ұшқан ақын атамыздың өмір жолынан мол мәлімет беріп, шығармаларынан рухани нәр ала отырып, мақтаныш, құрмет сезімдерін күшейтуге мүмкіндігі мол екендігін аңғарту.

Оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігін, сахна сырын, жұрт алдында сөйлеу мәдениетін  қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Мазмұны

Жұмыс түрі

Мерзімі

Жауапты

1

Кіріспе. Жоба туралы жалпы мағлұмат беру. Мақсат-міндетімен таныстыру.

Ұйымдастыру

қаңтар

Тіл мамандары: Мухамбетжанова Г.А.

Макарова А.М.

2

«Жайықтың қоңыр үнді қоңырауы»

Стенд шығару

3

«Ақын тағдыры – ел тағдыры» ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен танысу.

 

ақпан

Кітапханашы Сисеналиева Н.Ж.

4

«Ақынның жүріп өткен жолы»

таныстырылым

5

Күмілжімей, асқақтасын үніміз,

 Жарайықшы жалынды ұрпақ бар деуге! (Ақыннның туындылары)

Мәнерлеп оқу

наурыз

Қосымша білім беру педагогі: Д.Құспанова

6

Ақынның шығармашылық шеберханасы

Кітаптар көрмесі

7

Айтқали - ақын кең құлашты, байсалды ақын

Челлендж

Сәуір

Тіл мамандары: Мухамбетжанова Г.А.

Макарова А.М.

8

«Арқалаған адам білер жол жүгін,

Шаршаған да, шалдыққан да болды күн» АҚЫНҒА ЛЕБІЗДЕР, АҚЫЛШЫ – абзал ағалар

 Бейнежазба (видео үндеу)

Мамыр 

Қосшы ауылдық округінің кітапханашысы: Халимоллаев А.

9

«Оян – өскен ауылым»

Қабырға газеттер байқауы

Маусым

Тіл мамандары: Мухамбетжанова Г.А.

Макарова А.М.

10

«Өлең-өмір, өлең-өнер» .Өлеңдерін жаттау

Жазға тапсырма

   

11

«Қашағанның жырынан жалын шарпып, 

Құрманғазы күйінен тасқын аққын»

 ( Ән жазылған өлеңдері)

Ән шеру

Шілде

Музыка пәнінің мұғалімі:

Еслашев М.Х.

12

«Елу жыл – елу жыр»

Интеллектуалдық  шара.

Тамыз

Мектеп психологі

Әлеуметтік педагог.

13

«Оянда оқыдым от алдым»

Көрме

Жыл   бойына 

Тіл мамандары

Кітапханашы

14

«Екі өлең жазсам, бірі – сен туралы

Сондықтан қысыр сөзге уақытым жоқ» (Аудандық сырттай  ақын өлеңдеріне жазылған  шығармадан байқау )

Шығарма жазу.

Қыркүйек

Тіл мамандары: Мухамбетжанова Г.А. Макарова А.М.

15

«Ақынның сөзі қандай, өзі қандай,

Сыр әуен тұнған сырлы сазы қандай» (Ақынға арнау)

 Жыр мүшайрасы

Қазан     

Тіл мамандары: Мухамбетжанова Г.А. Макарова А.М.

16

“А.Нариков –ақын,үлкен өнер иесі, қоғам қайраткері” конференция .

Дөңгелек үстел

Қараша

Тарих пәнінің мұғалімі:  Ахметова А.У.

17

 «Бұл күндері жаяу жүрген ақындар,

   Болашаққа өлеңімен озады »  (А.Нарыков шығармашылығына    арналған жыр –кеші)

Ақын шығармашылығын қорытындылау

Желтоқсан

Тіл мамандары: Мухамбетжанова Г.А. Макарова А.М.

 

Жоба туралы жалпы мағлұмат беру

Жоба жетекшілері:  тіл мамандары: Г.А.Мухамбетжанова

А.М.Макарова

Жобаның  мақсат-міндеттерімен таныстыру

“Жайықтың қоңыр үнді қоңырауы”

Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде бұрыш орнатылды

“Ақын тағдыры, ел тағдыры” ақын өмірі мен шығармашы-лығынан мәлімет беру

«Ақынның жүріп өткен жолы»

«Ақынның жүріп өткен жолы»

“Күмілжімей, асқақтасын үніміз, Жарайықшы жалынды ұрпақ бар деуге!”

“Күмілжімей, асқақтасын үніміз, Жарайықшы жалынды ұрпақ бар деуге!”

Ақынның шығармашылық шеберханасы

Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде кітаптар көрмесі жасақталды

Ақынның шығармашылық шеберханасы

Мұражайда                        Кітапханада