05 Ақп 2021
Мектеп туралы

Мектеп тарихы

Ұйымның атауы

Ұйым жөнінде қысқаша ақпарат

Фотодерек

ЖББ Оян ОМ

Мектептің негізі 1926 жылы  ашылды. 1924-1925 жылдары Жаңғала ауданынан жер тапшылығына байланысты 250 кердері отбасын  Бекжанұлы Ділім бастап келіп, бай кулак Мартынов помещиктің жеріне қоныс тебеді.  Жаңғала ауданында комсомол мүшесі болған Нұғманов Төлеген Мартынов елді мекеніне келіп, 15 баламен оқуды бастаған.

1936 жылы «Мартынов»  бастауыш мектебі 7 жылдық мектеп болып кеңейтілген. 1957-1958 жылдары іріленген Сталин колхозына айналуына байланысты колхозшылардың сұрауы бойынша бұрынғы «Мартынов» 7 жылдық мектебі «Сталин» атындағы орта мектеп болып үлкейтіледі. 1957 жылы «Сталин» колхозының қаржысымен жаңа мектеп үйі салынады. Жаңа мектеп мұғалімдермен толықтырылып, жоғарғы білімді Сағатов Бақтығали Сағатұлы мектеп директоры болып, 1967 жылға дейін ерен еңбегі мен мектепті нығайтуда белсенділік көрсетті. Қазақ тілі пән мұғалімі Омашева Шәмшия, орыс тілі пән мұғалімі Мустафина Ажар, математика пәні мұғалімі Мергенбаева Қанзиба, физика пәні мұғалімі Жанекенов Мақсот Жәрдемұлы т.б. «Сталин» орта мектебінің алғашқы ұстаздары еді. 1959-1960 оқу жылында «Сталин» орта мектебін 1-рет 15 оқушы бітірді. Алғашқы түлектер: Абулхаиров Сағынгерей алтын медальмен, Искалиева Жаңылсын күміс медальмен аяқтап екеуі де Ақтөбе мединститутын, Нығышев Оңайбек Алматы мемлекеттік медициналық институтының фармацевт факультетін, Нәріков Айтқали, Ажгалиева Қадиша, Айшенов Тілеп, Хаберова Фатиха Орал пединститутын, Хайров Абухан Орал ауыл-шаруашылық институтын бітірді. Бүгінде осы мектептің түлегі Айтқали Нәріков - ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

1959-1960 жылдары «Степной» орта мектебі деп аталды. 1960-61 оқу жылы мен 1967-68 оқу жылының арасында мектепті Қазақстан оқу ағарту ісінің озаты Тұқыранов Арыстан Тұқыранұлы басшылық қызмет етіп, сол жылы 98 оқушы аяқтады.   Жылма-жыл жоғарғы білімді оқытушылардың саны артып, Омашева Шәмшия, Сүндетқызы Бәлия, Мұстафина Ажар, Тұқыыранов Арыыстан, Жанекенов Мақсот  «Еңбек екпіндісі», «Еңбек үздігі» медалімен марапатталды.

1968-1969 жылдары мектебіміздің директоры  Тұрғыналиев Ғұсман, оқу ісінің меңгерушісі қызметін Мергенбаева Қанзиба атқарды. Мектептегі оқыту мен тәрбие саласын, оқу –тәрбие процесін жетілдіру, оқытудың техникалық құралдармен кабинеттік лабороториялық әдістері кеңінен енгізілді.  1969-1970 оқу жылында мектеп екі корпуста оқытылды. Мектеп кабинеттік жүйеге көше бастады.

1973-1974 оқу жылында мектеп салынып, 1975-1976 оқу жылында кабинеттік жүйемен оқытылатын жаңа типті мектеп іске берілді.      Мектеп директоры Қартжанова Рая, оқу ісінің меңгерушісі Ережепов Сабыр , мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін Акишева Роза атқарды. Оқу мен тәрбиеде қол жеткен табыстары үшін мектебіміздің маңдай алды ұстаздардың еңбегін жоғары бағаланып, Шәмшия Ғабдолқызына «Еңбек Қызыл Ту Ордені», «Октябрь Революциясы Ордені» және «Қазақ ССР Халық Ағарту Ісінің Үздігі» атағы берілді. Тарих пәнінің мұғалімі  Сабыр Ережепұлына  9 бесжылдықтың қорытындысы бойынша «Социалистік жарыстың озаты значогі» берілді. «Қазақ ССР Халық Ағарту Ісінің Үздігі» медалімен марапатталған ұстаздарымыздың қатарын: Балия Сүндетқызы, Қанзиба Мергенбайқызы, Марина Шамшиденқызы сынды ұстаздарымыз  толықтырды.

 1984-1985 оқу жылында Сабыр Ережепұлы мектеп директоры қызметін, оқу ісінің меңгерушісі болып Бақытжамал Дүйсенбайқызы атқарды. 1985-86 оқу жылының түлектері қыздар «Самал» трактор бригадасын құрды.

1989-1994 оқу жылдары директорлық қызметті Абенова Бақытжамал Дүйсенбайқызы, оқу ісінің меңгерушісі қызметінде Тастілеуова Жібек Кәрімқызы істеді. Мектеп ұжымының алдында тұрған мақсат материалдық техникалық базасын оқу –тәрбие жұмысына тиімді пайдалану, қосымша табыс көздерін іздестіру арқылы нығайту болды.Осы жылдар аралығында мектептің бастауыш сынып мұғалімдері: Сисенғалиева Жазима, Лепесова Мағмура, орыс тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары Ильжанова Майра, Айсина Гүлайым аудандық, және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусаева Жанбота Оспанқызы облыстық «Жыл мұғалімі» атанды.

1994-1995 оқу жылында мектеп директоры қызметін Тастілеуова Жібек Кәрімқызы, оқу ісінің меңгерушісі Мендыгалиева Зауре Амангелдіқызы, сыныптан тыс тәрбие ісінің мегерушісі-Елжанова Майра Хаировна басқарды. Сол жылы мектебіміздің түлегі Қаппанова Айгүл Ғайсақызы «Алтын медаль» иегері атанды.

1996 жылы Степной совхозы «Оян» мемлекеттік мекемесі боп өзгертілді. Сол себепті 1999 жылдан бастап, Оян орта мектебі болып аталды.

1998-1999 оқу жылында мектеп директоры қызметін Муханбетжанова Нағима Орынғалиқызы, оқу ісінің меңгерушісі қызметін Досмуханова Бибігүл Қамешқызы атқарды.

2000 жылы мектебіміздің 40 жылдық мерейтойы тойланды. Мерейтойға аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Абенова Б.Д., әр жылдары басқарған мектеп директорлары, мектептің алғашқы түлектері: Нәріков А., Нығышев О. Ажбаев Л., Ажғалиева А., Хайров А., Искалиева Ж., Тынымбаева Т. және Орал өңірінің газет тілшілері, ардагер ұстаздар, атап айтқанда, Жанекенов М., Ахметов Ғ., Мергенбава Қ.,т.б. көптеген ұстаздар қатысты.

Мектепті жыл сайын алтын және күміс медальмен бітірген түлектеріміздің есімі тарихта қалары хақ, атап айтқанда: Ж. Искалиева(1961ж), С.Абулхайров (1961ж), С,Рахимов (1978ж), М.Кабдугалиев (1984ж), Г.Калиева, Н.Кабдугалиев (1986ж), Л.Муканова (1989ж)Г.Мухамбетжанова, Л.Габбасова (1991ж), А.Абенова, Г.Каппанова (1992ж), А.Қаппанова (1997ж).

2003 жылы мектеп жылу жүйесі газбен ауыстырылып, жылу жүйесінің ішкі системасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жас буын мұғалімдерінен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Мухамбетжанова Гульжан Амангельдиевна республикалық «Ауыл ұстазы-2003» аудандық, облыстық кезеңдерде «Бас жүлдені» иемденсе, республикалық кезеңнен «Ұстаз- мұрагер» номинациясымен оралды. 2008 жылы республикалық оқушылар арасында Астана қаласының 10 жылдығына орай өткізілген «Астана, біз сенің болашағыңбыз!» тақырыбындағы шығармалар байқауынан  ІІІ орын жүлдегері Бисенбаева Ақнұр Хайратқызы мен ұстазы Г. Амангельдиевна  білім және ғылым министрі Ж. Түймебаевтың өз қолынан марапатталып қайтты.

2009-2010 оқу жылында мектеп директоры Ихласов Дулат Ерболатұлы, директордың оқу ісінің меңгерушісі Нурманова Алмагүл Есенқызы  болды. 2010-2013 оқу жылдары аралығында мектебімізде туризм, спорт саласы көтеріліп, республикалық деңгейге жеткен оқушыларымыздың да болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Койшыбаев Жеңіс Мақатұлының жетекшілігімен Тілепбергенов Еламан Сағидоллаұлы- облыстық туризм жүлдегер атанса, Халықаралық, республикалық жарыстардың дипломанты  Жасанғалиев Райымбек Әділбекұлы - облыстық, ресбуликалық жарыстардың жүлдегер болып танылды. Ол облыстық «Жас ұлан-2012» байқауының «Бала батыр» номинанты, волейбол турнирі бойына «Ең үздік ойыншы», БҚО «Конденсант» жасөспірімдер құрама командасының ойыншысы, командамен республикалық волейболдан 1995-1996 жылғылар арасындағы жастар кубогінің ІІ орын жүлдегері атанып мектептің абыройын асқақтатты.

2013-2014 оқу жылында мектеп директоры қызметінде Гумаров Беріккали Жексенғалиұлы,  оқу ісінің меңгерушісі Хойрашева Айгүл Шамаққызы атқарды.

2016 жылы мектептің ізденмпаз мұғалімдерінің еңбектері еленіп,  Хойрашева Айгүл Шамахқызы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен,  2017 жылы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Мухамбетжанова Гульжан Амангельдиевна «Білім беру саласының үздігі» медалімен наградталды.

Бүгінде  жастардың арасында кең танымалдыққа ие болған жайдарман ойындарының облыстық, республикалық деңгейіне шығып, өнер көрсеткен жас маман Қ.Рахметовтың бастауымен мектебіміздің 8-11- сынып оқушыларынан құралған «ОЯН-КВН»  командасы 2015 жылдан бастап өз бастауын алып қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі сайыстарда топ жаруда. Команда облыстық премьер-лига жайдарман сайыстарының 2016 жылғы чемпионы атанып, сол жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана қаласында өткен «Жазғы кубог-2016» сайысында жүлделі 2-орын ,облыстық жоғары лиганың 2017 жылғы «Вице-чемпионы» атанып, команда ойыншы Б.Сұлтанмұратов «Үздік ойыншы – 2017» номинациясына ие болды. Республикалық Қызылорда қаласында өткен Бірінші лига, Атырау қаласында өткен Батыс орталық лигаларының жартылай финалисттері атанып, Астана қаласында өткен «Маусымашар-2018» фестивалінде жоғары рейтингі сертификатқа ие болды.Топтың мүшелері жайдарман ойынымен қатар театралдық жанрларда бақтарын сынады, атап кетсек   ІІ облыстық « Әбіш оқулары» байқауында «Сахналық қойылым» бағыты бойынша Әбіш Кекілбаевтың «Үркер»  романынан үзінді сахналап, бас жүлдеге ие болып, республкалық кезеңде аталмыш қойылыммен 2-орынға ие болды.

2018 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» атты түлектердің  мектепке тартуын ерекше атап айтуға болады. Мектептің 40  және 25 жылдық түлектері домбыра тарту етсе, 30 жылдық түлектері мектептің акт залын, 20 жылдық түлектері мектеп мұражайын жаңа үлгіде жаңғыртуға өз үлестерін қосты. 

Оқу жылдары

Мұғалім саны

Оқушы саны

2002-2003

31

212

2003-2004

32

200

2004-2005

29

180

2005-2006

30

166

2006-2007

29

142

2007-2008

29

127

2009-2010 оқу жылынан бері мектепте мұғалімдер саны 29, оқушы саны 86, 82 оқушымен тұрақталуда.