Оян МББК бойынша 2021-2022 оқу жылының жылдық
оқу үлгерімінің қорытындысы
Оқу жылының басында 81 оқушымен бастап, оқу жылын аяғын 80 оқушымен аяқтап отырмыз.
Жыл бойы кеткен оқушы саны: Сағидолла Мырзали Шайдоллаұлы. 02.11.2021ж. Орал қаласы Х.Доспанов ат №30 ЖОББМ. Орынғали Аяулым -2 сынып, Орынғали Наргиза -5 сынып, Орынғали Елнар -6 сынып) Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебіне кетті.
Жыл бойы келген оқушы саны: Аллаяров Бекнур Жанайдарович(2 сынып), Сағындық Кәусар Асхатқызы 19.11.2021ж. (3 сынып), МАД Жарас Нұраян, Жарас Айзиба (2 сынып)
Оқу озаты -21 оқушы
Оқу екпіндісі -29
Білім сапасы -70 пайыз. (2-11 сынып -71 оқушы бағаланды)
Сыныбы |
Барлығы |
үздігі |
Екпіндісі |
Орташа |
Білім сапасы % |
||||
барлығы |
қызы |
барлығы |
қызы |
барлығы |
қызы |
Барлығы |
қызы |
|
|
1 |
9 |
3 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
10 |
2 |
4 |
1 |
4 |
1 |
2 |
0 |
80 |
3 |
8 |
6 |
5 |
5 |
2 |
0 |
1 |
1 |
87 |
4 |
8 |
6 |
5 |
4 |
1 |
1 |
2 |
1 |
75 |
2-4 |
26 |
14 |
14 |
10 |
7 |
2 |
5 |
2 |
81 |
1-4 |
35 |
17 |
14 |
10 |
7 |
2 |
5 |
2 |
60 |
5 |
8 |
5 |
2 |
1 |
3 |
3 |
3 |
1 |
63 |
6 |
8 |
3 |
2 |
0 |
3 |
2 |
3 |
1 |
63 |
7 |
4 |
3 |
1 |
1 |
3 |
2 |
0 |
0 |
100 |
8 |
10 |
6 |
1 |
1 |
5 |
4 |
4 |
1 |
60 |
5-8 |
30 |
17 |
6 |
3 |
14 |
11 |
10 |
3 |
66 |
9 |
8 |
3 |
0 |
0 |
4 |
2 |
4 |
1 |
50 |
11 |
7 |
3 |
1 |
1 |
4 |
1 |
2 |
1 |
71,4 |
9-11 |
15 |
6 |
1 |
1 |
8 |
3 |
6 |
2 |
60 |
2-11 |
71 |
36 |
21 |
14 |
29 |
16 |
21 |
7 |
70 |
1-11 |
80 |
40 |
21 |
14 |
29 |
16 |
21 |
7 |
62 |
2021-2022 оқу жылының ІІІ тоқсандағы
оқу үлгерімінің қорытындысы
Сыныбы |
Барлығы |
үздігі |
Екпіндісі |
Орташа |
Білім сапасы % |
||||
барлығы |
қызы |
барлығы |
қызы |
барлығы |
қызы |
Барлығы |
қызы |
|
|
1 |
9 |
3 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
10 |
1 |
3 |
1 |
4 |
1 |
3 |
0 |
70 |
3 |
8 |
6 |
5 |
5 |
2 |
0 |
1 |
1 |
87 |
4 |
8 |
6 |
5 |
4 |
1 |
1 |
2 |
1 |
75 |
2-4 |
26 |
13 |
13 |
10 |
7 |
2 |
6 |
2 |
77 |
1-4 |
35 |
16 |
13 |
10 |
7 |
2 |
6 |
2 |
57 |
5 |
8 |
5 |
2 |
1 |
3 |
3 |
3 |
1 |
63 |
6 |
8 |
3 |
2 |
0 |
3 |
2 |
3 |
1 |
63 |
7 |
4 |
3 |
1 |
1 |
3 |
2 |
0 |
0 |
100 |
8 |
10 |
6 |
1 |
1 |
5 |
4 |
4 |
1 |
60 |
9 |
8 |
3 |
0 |
0 |
4 |
2 |
4 |
1 |
50 |
5-9 |
38 |
20 |
6 |
3 |
18 |
13 |
14 |
4 |
63 |
11 |
7 |
3 |
1 |
1 |
4 |
1 |
2 |
1 |
71,4 |
11 |
7 |
3 |
1 |
1 |
4 |
1 |
2 |
1 |
71,4 |
2-11 |
71 |
36 |
20 |
14 |
29 |
16 |
22 |
7 |
69 |
1-11 |
80 |
39 |
20 |
14 |
29 |
16 |
22 |
7 |
61 |
Мектеп директоры А.Туралиева
Пән атауы |
Бала саны |
«5» |
«4» |
«3» |
Білім сапасы |
Математика |
27 |
14 |
5 |
8 |
70 |
Жаратылыстану |
17 |
11 |
5 |
1 |
94 |
Оян МББК 2021-2022 оқу жылының ІІІ тоқсан бойынша білім сапасының рейтингісі:
1 орында -7-сынып 100 пайыз, сынып жетекшісі: Құрманғалиева А.Т.
2 орында – 3 –сынып 87 пайыз, сынып жетекшісі:Айбатова Ж.Д.
3 орында – 4-сынып 75 пайыз, сынып жетекшісі: Даулетова Г.М.
4 орында - 11-сынып 71,4 пайыз, сынып жетекшісі: Ахметова А.У.
5 орында –2-сынып 70 пайыз, сынып жетекшісі: Туралиева Г.А.
6 орында - 5 –сынып 63 пайыз, сынып жетекшісі: Насырова Р.Х.
6- сынып 63 пайыз, сынып жетекшісі: Юсупов М.Н.
7 орында -8 –сынып 60 пайыз, сынып жетекшісі: Уразгалиева Д.С.
8 орында -9-сынып 50 пайыз, сынып жетекшісі: Макарова А.М.
Мектеп директоры А.Туралиева
Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені бойынша 2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмысына қорытынды сараптама
Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы».
Бұл тақырып аясында 2 жылдан бері ата-аналармен біріккен жұмыс жүргізілуде.
Басты мақсаты:
-ата-аналар мен ұстаздар арасында бала тәрбиесіне бірыңғай көзқарасын қалыптастырып, біріккен жұмыс жүргізуге бағыттау.
-ата-аналардың мектептегі бала өміріне белсенді араласуын қамту
-ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру
Күтілетін нәтиже:
- Ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуы мен бала тәрбиесін жауапкершілігінің артуы.
- Отбасы дәстүрлері мен құндылықтарының жетілуі .
- Ынтымақтасқан жұмыс арқасында ана тілін,тарихын, мәдениеті мен дәстүрін
дәріптейтін , бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға қалыптасуы.
«ҚР Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы», ҚР«Барлық білім беру ұйымында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары» негізінде мектепте тәрбие жұмысының жоспары құрылып, орындалды.
Мектепте оқушыларға бүгінгі өмір талабына сай жан-жақты білім берумен қатар, олардың адамгершілік пен сауаттылық негізін қалыптастыруда, азаматтылықты тәрбиелеуде, шығармашылық қабілетін дамытуда көптеген жұмыстар жүзеге асырылды.
Мектептің тәрбие жұмысы кешенді бағдарламаның барлық 8 бағыттарын қамтыды. Азаматтық-патриоттық құқықтық және көпмәдениеттік бағытта өткен іс-шаралар
Бұл бағытта оқушылармен жыл бойы жүргізілетін шаралар:
- Қыркүйек айында –« Ана тілім – алтын тамырым!» тақырыбында апталық ұйымдастырылып, «Тілдер мерекесі» фестивалі 5-11 сыныптарға, «Тілге құрмет –елге құрмет» 1-11сыныптар арасында мерекелік концерт және әртүрлі байқаулар ұйымдастырылды.Мұнда Қазақстанда тұратын халықтардың салты, тілі, мәдениеті, нышандары туралы мәліметтер жинақталып, әрбір сынып өз елін таныстырды. Бұл дәстүр мектебімізде 2010 жылдан бері жалғасуда.
- Қазан айында «Үш тілдің бірлігі» тақырыбында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің қорытындысы шығарылады.Мұнда 1-11 сыныптарға әртүрлі ертегілер байқауы, өлеңдер мен шығармалар сайысы, әдеби кештер мен оқырмандар конференциясы ұйымдастырылады.
- Қараша айында «Бала және оның құқығы» орай әртүрлі тәрбие сағаттары, құқықтық білімін тексеретін байқаулар, кештер ұйымдастырылады.
- Желтоқсан айында Еліміздің тәуелсіздігіне арналған«Тәуелсіздік туы желбіресін мәңгілік!» апталық өткізілді.Мұнда тәрбие сағаттары, «Тәуелсіздік-балалар көзімен» оқушылар шығармашылығы /сурет, өлең, шығарма, қолөнер бұйымдары/ апталық соңында «Тәуелсіздік -мақтанышым» мектепішілік жиын өткізіліп, ардагер ұстаздар қатысып, мерекелік концерт ұйымдастырылып, апталықтың қорытындысы шығарылды. Сонымен қатар, желтоқсанның 1 жұлдызында елімізде «ҚР Тұғыш Президентінің күнін» мектебімізде атап өткізілді. Мерекеде Елбасының өмірі, еңбек жолы, қайсарлығы мен өжеттілігі туралы айтылды. Барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, бейнефильмдер көрсетілді. Оқушыларға Отансүйгіштік пен Елжандылық қасиеттер туралы айтылып, болашақта еліміздің көк байрағын жоғары ұстау үшін бағыт беріліп, патриот болуға шақырдық. Қаңтар айында «Менің балалық шағымның Отаны» фото, бейнематериалдар байқауы өтсе. «Құқықтық мәдениет әлемінде, «Өз құқығыңды біл» тақырыбында сынып сағаттары, кештер ұйымдастырылды.
- Наурыз айында «Қош келдің Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.Бұл іс-шараның ерекшелігі мектеп дәстүрі бойынша осы күні барлық ұстаздар мен оқушылар ұлттық киім киіп келеді, ата-аналар дәстүр бойынша «Наурыз көже» дайындайды. Сонымен қатар «Көрісу айт» күні ұстаздар оқушыларға арнап, ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан әзірлеп, оқушыларды дәлізден күтіп алып көріседі.Бұл дәстүр мектебімізде 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
- Мамыр айында 1-мамыр,7-мамыр, 9-мамыр мерекеліне арналған мектепішілік іс-шаралар өткізіледі.Мұнда өнерпаздар концерті, «Әскердегі бір күн» байқауы, «Ерлікке тағзым» кеші өткізіліп, ауыл ақсақалдары, әкімшілігі, ата-аналар белсенді қатысады. Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай мектепте «Гүлдер аллеясы» отырғызылды. Бұл шара дәстүрге айналды. Мектеп оқушылары концерт ұйымдастырды, ата-аналар, оқушылар бірігіп, мектеп ауласын абаттандыруға үлестерін қосты.Сонымен қатар соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішті қалпына келтіріп, тазалап, оқушылар мен ұстаздар өз үлестерін қосты. Ауыл ақсақалдары мен ардагер ұстаздар шақырылып, ескерткішке барып гүл шоқтарын қойып, оқушылар мен ауыл жастары мерекелік концерт ұйымдастырды.
Экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі
Мектепте Экологиялық тәрбие және тәбиғатты қорғау қызметінеде үлкен мән берілді.
- Қазан-қараша айларында «Экологиялық патруль» отряды ұйымдастырылады. Мұнда мектеп ауласын қысқыға дайындау, сенбіліктер ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
- Сәуір айы «Табиғаттың достары» тақырыбында биология, химия, география пәндерінің айлығы ретінде өткізілді.
Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына, биологиялық түсініктердің қалыптасуына зерттеушілік ынтасының пайда болуына тәжірибе жасап үйренуге дағдыландыру барысында «Гүлдер» үйірмесі ұйымдастырылды.
Үйірме жетекшісі:Батырғалиев.М биология пәнінің мұғалімі
Негізгі мақсаты:
- Гүлді жақсы көріп бағалау, құрметтеу, білу.
- Гүлді өсірумен айналысушылар жаны сұлулық пен тазалықты ғана қалайтын айналадағы қоршаған ортаға тек қуаныш сыйлайтын адамдар екенін қалыптастыру.
- Бөлме өсімдіктерінің мәңгі жасыл жапырақтары бөлмеге қысы-жазы бірдей көрік беретініне назар аудару.
- Бөлмеде өсімдік өсіру адамзатқа өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін білу қажеттілігін анықтау.
Күзгі, көктем айларында үйірме мүшелерімен мектеп айналасын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын табиғатты қорғауға, аялауға, шақырған жарнамалар жасау.
Жыл бойы туған жердегі жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды анықтап экологиялық жорықтар ұйымдастырылды, ауылдың қызыл кітабын құрастырып, оқушылардың ғылыми-экологиялық жұмыстары жүргізілді.Үйірменің қорытындысы болып «Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз» атты акция жүргізілді.
Сәуір айында «Халықаралық жер планетасының күніне» атты апталық өткізілді. Мектеп ауласын көгаландыру бойынша көп деген жұмыс атқарылды.Мысалы: «Ең жақсы көғаландырған үлескі» сайысына старт берілді, көкөністер, раушан гүлдер аллеясы және петуния гүлдері егілді, Сонымен қатар «Шаттық» жазғы демалыс лагерінде бір күн аптасына «Таза аула-таза ауыл» акциясы өткізілді
Аудандық ғылыми-практикалық конференцияда осы бағытта жұмыстанатың оқушылар үнемі жүлделі орындарды алады.Мамыр айында «Раушангүлдер аллеясы» отырғызылды. Жазғы демалыс кезінде маусым-тамыз айларында 4-10 сынып оқушыларынан құралған еңбек бригадалары көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру бағытында
Қазақстан 2030 стратегиясындағы кешенді бағдарламаны жүзеге асыру бағыттында «Салауатты өмір салтын» насихаттау оқушыларды салауатты өмір салтында тәрбиелеу, дені сау және өнегелі саулығын нығайту мақсатында мектепте жыл бойына іс-шаралар өткізілді.
- Қыркүйек-мамыр айларында «Денсаулық апталығы» өткізіледі. Мұнда оқушылар, ұстаздар , ата-аналарға арналған сонымен қатар аз қамтылған отбасы балалары мен ата-аналарын қамтитын спорттық жарыстар өткізіледі. «Көңілді старт», «Спорт есірткіге қарсы» жеңіл атлетикадан біріншілік. Суреттер,шығармалар байқауы өткізіліп, дұрыс тамақтану қағидалары айтылады.Сонымен қатар «Тазалық денсаулық кепілі», «ЖҚТБ –әлемдік дерт» акциясы ұйымдастырылады.Темекіден бас тарту күні мектеп оқушылары мен тәлімгері бірлесіп ауыл аралап, темекінің зияны туралы үндеу хаттар таратып, шылым шегушілерге 1 күн болса да темекіден бас тартуы туралы түсінік жұмыстарын жүргізеді. Қыс мезгілінде шаңғы тебу, коньки жарысы өткізіледі. Мектеп медбикесі әртүрлі жұқпалы аурулар туралы оқушылар және ата-аналарға арналған лекциялар оқып, дәрістер өткізеді.
Рухани-адамгершілік тәрбие
Қыркүйек айында Адамгершілік тақырыбына сынып сағаттарын өткізу:- «Әділ істің арты игі» акция, «Адамгершілік мұраттары» пікірталас,т.б. іс-шаралар барлық сыныптарда мектеп психологы, әлеуметтік педагогы және сынып жетекшілерінің бастамасымен өткізілді.
Қазан айында: «Қайырымдылық сенің жаныңда» рухани-адамгершілік тәрбие акциясы
Қариялар күні: -«Өз жүрегіңнің жылуымен бөліс» акциясы/ардагер ұстаздардың, соғыс ардагерлердің үйлеріне бару, т.б.
- «Шын жүректен» мерекелік концерт, ашық хаттар фестивалі өткізілді. Жауапты «Жас Ұлан»оқушылар ұйымы .
Қараша айында «Адамгершілік асыл қазына» айлығы өткізілді.Мұнда-«Балалар-балаларға» акциясы /балабақшада мерекелер,ертегілер, ойын бағдарламалар ұйымдастырылды.
Қаңтар айында: Әлеуметтік зерттеу «Мен мейірімді адаммын» «Өмірде ең бастысы не?» - дөңгелек үстел өткізілді.Сонымен қатар «Жанымыз жақсылыққа толы болсын» атты ашық тәрбие сағаттары апталығы өтті. «Достық пен бірлестік әлеміне саяхат» тәрбие сағаты және қарым-қатынас коммуникативті іскерлікті меңгеру жаттығуларын мектеп психологы өткізілді. Наурыз айында: -«Қайырымдылық жасауға асығыңыз» акциясы ұйымдастырылды.Аз қамтылған отбасы балаларына мұғалімдер тарапынан сабақ құралдарын алуға көмек көрсетілді.Сәуір айында ауыл ақсақалдарына көмектесу мақсатында 9-10 сыныптардан құралған көмекші топтар ауласын тазалауға қол ұшын берді.Мамыр айында «Отбасы күніне» арналған рухани-адамгершілікке бағытталған тәрбие сағаттары өткізілді
Отбасы тәрбиесі /Ата-аналармен жұмыс/
Мектепте тәрбие жұмысын мазмұнды да мәнді дамыту мақсатында мектептің ата-аналармен, ата-аналар комитетімен ынтымақтаса жұмыстануы жандандырылған.
Оқу жылы басында жалпы ата-аналар жиналысында жаңа ата-аналар комитеті сайланды.Ата-аналар комитетінің отырыстарында оқу және тәрбие жұмысы проблемалары талқыланып , оларды өткізу түрлері ( ақыл-кеңес, пікір-талас, дөңгелек үстелдер түрінде ) айқындалады. Комитет мүшелері оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітіп, комитет мүшелерінің міндеттері мен атқаратын жұмыстарын белгілеп, сол бағытта жұмыстанады. Жоспарда сыныптар бойынша білім сапасын бақылау, комитет мүшелерінің сабаққа қатысу кестесі, қиын балалармен жұмыс, жалпы мектепшілік іс-шараларға қатысу ( мысалы жаңа жыл, наурыз мерекесі) т.б. мәселелер қарастырылады.
8-10 сынып ата-аналар жиналыстарында комитет мүшелері сынып жетекшілерімен «Зиянды заттардың алдын-алу: нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегу» тақырыбында дәріс-сабақтар өткізді. Сондай-ақ балалардың үй тапсырмасы орындау кезінде пайда болатын қиындықтарды шешу жолдары т.б. проблемалық сұрақтар талқыланды.
Қараша айында жалпы ата-аналар жиналысында комитет төрайымы Айбатова.Ж. «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» тақырыбында баяндама оқыды. Мұнда отбасы бақыты, ата-ананың аялы алақаны, қайырымдылығы,ата-ана мен бала арасындағы сыйластыққа байланысты мәселелер сөз болып, ақыл-кеңес беріліп пікір-талас жүрді.
Ақпан айында ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен «Мен және менің отбасым» тақырыбында 7 - сыныбында ата-аналарының қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты- оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Үлгілі отбасын дәріптеу, отбасы-бала-ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Алтын ұя» байқауы өткізілді. Байқауға 8 отбасы қатысып, Ажгалиевтар отбасы аудандық кезеңге жолдама алып, ауданнан жүлделі 3 орынмен оралды.
«Отбасы - алтын діңгек», «Отбасы мақтанышы - тәрбиелі ұл мен қыз» тақырыптарында пікір-талас, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік концертке қойылды.
Сәуір айында бастауыш сынып ата-аналары арасында да қызықты конкурс, тәрбие сағаттары жүргізілді. Мысалы, 1-4 сыныптар аралығында өткен «Отбасы дәстүрлері» «Бала тілі-бал»,«Әнші отбасы», «Мың бір жұмбақ, жүз мақал» конкурстары.Бұл конкурстар ата-аналардың балаларына бос уақыттарында әдеби кітап, өсиет сөздер оқып, бірге талдап, мақал айтып, жұмбақтар шешуге бағыттау мақсатында өткізілді.
Сонымен қатар 1-4 сынып ата-аналары арасында «Отбасы аламаны» атты әскери-спорттық жарыс өткізілді. Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
Ата-аналардың қатысуымен 1 маусым-Балаларды қорғау күні де ұйымшылдықпен салтанатты да қызықты, қуанышты сәтте өткізілді.
Сондай-ақ тоқсан сайын ата-аналар комитетінің мүшелері оқушылардың сабағына қатысып, білім сапасы төмен оқушылармен бірігіп жұмыстанып, қадағалайды. Ата-аналар жиналысында аталған мәселелерді үзбей қарап қиындық туғызатын пәндердін қосымша сабақтарға қатысуын қамтыды.
9-11 сынып оқушыларына тәрбие беру жұмысында ата-аналар комитеті белсенді қатысады. Атап айтқанда «Ата көрген- оқ жанар, ана көрген тон пішер», «Қыз бала тәрбиесі» тақырыбында өткізген жиналыстарда баяндама оқып, кешкі мезгілде ұстаздар мен полиция қызметкері мен бірге кезекшілік атқарысып отырады. Мамыр айында «Құқықбұзушылықтың алдын алу керек» деген тақырыппен 10-11 сыныптарға жиналыс өткізілді.
Құқықтық тәрбие негізінен Біздің мектептегі тәрбие жұмысы бұзақылық және Заңға қайшы келетін қылықтардан сақтандыруға байланысты оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын бақылап, оқу үлгерімін және көшедегі қылығын, әсіресе, кешкі уақытта көшеде жүрсе, неге жүру себебін сұрап, келесіде қайталатпауды қадағалау өз міндетіміз деп есептейді.
Мектеп бұзақылықтан сақтандыру және дұрыс тәрбие берудегі жұмысын ауыл әкімшілігімен және ауылдық полициямен бірге іске асыру жөніндегі өзіндік жұмыс жоспары бар.
Заң бұзушылықтан сақтандыру туралы тәрбие жұмысы алғашқы тәрбие сағаттарында мектеп Жарғысымен танысуға арналып, әсіресе, оқушылардың құқығы мен міндеті туралы жазылған бөлімдері қаралды.
Оқушылардың тәртібі мен дұрыс жүруі тақырыбында ауылдық полицияның қатысуымен лекция өткізіледі, мектептің жұмысы ЖЖИ (ИДН) жұмысшыларымен кездесуді ұйымдастыруға көмектесетін ауылдық полициямен тығыз байланыста жүзеге асады. Бұл кездесулер өз құқығын білуге үгіттеу, өмірде дені сау болып қалыптасуы үшін және жасөспірімдерді өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде маңызды орын алады.
Кешенде өз құқығын білуге үгіттеу жұмыстарына кітапхана жұмысы да іске қосылды.
Онда “Біз туралы және бізге арналған Заң” атты дәстүрге айналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар барлық сыныптарға міндетті түрде ішімдік және есірткі қолданудан аулақ болуға арналған сынып сағаттары мен өз құқығын білуге үгіттеу жұмыстары жүргізіледі. Заң бұзушылықпен күресудің тағы бір түрі жалпы мектептік линейка болып табылады. Мұнда 8-11 сынып оқушылары мен «ЖасҰлан» оқушылар ұйымы үгітбригадалары тоқсан сайын «Біз болашақпыз!», «Жаман әдеттен аулақ бол!», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!», «Тәртіпті бол!» деген ұранмен жұмыстанады. Сонымен қатар, Мен болашаққа сенемін! Салауатты өмір сүр ! тақырыптарына флэш-моб ұйымдастырылды.
Сонымен қатар сынып жетекшілері “Өзіңнің құқығың мен міндетіңді біл”, “Көшеде жүру тәртібі”, “Менің бос уақытым”, “Құқықтық тәртіп және біз” тақырыбында әңгіме өткізді. Оған жасөспірімдер арасындағы есірткі, ішімдік, шылым шегуден келетін зияны туралы хабарлама жасаған мектеп дәрігері қатысты. 9-11 сынып оқушыларының ата- аналарына ауылдық аймақ әкімінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Бұл жиналыстың қорытындысы ата- аналардың мұғалімдермен және ауыл полициясымен бірігіп кешкі уақытта кезекшілік ұйымдастыру болды. Оқушылардың тәртібін мектепте қалай болса, үйде де солай қадағалау тапсырылды.
Жалпы алғанда, мектепте оқушылардың заңға қайшы келетін қылықтарына байланысты жүргізілетін жұмыстары үгіттеу деңгейінде жүргізілді.
Эстетикалық тәрбие
Қазан айында мектебімізде «Жас суретшілер мен қолөнершілер» фестивалі өткізілді. Мұнда 1-6 сынып оқушылары арасынан үздік суреттер таңдалды. Оқушылар күзге арналған тамаша туындылар жасады. Бұл шараның мақсаты балалардың арасынан суретке қызығушылығын анықтау және табиғат кереметін жеткізе білетін эстетикалық талғамы жоғары тұлғаны қалыптастыру.
7-10 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Бұл мерекенің ерекшелігі балалар күзге арналған өлеңдер мен шығармалар жазды, үздік экибана дайындады.Күзгі өнімдер фестивалі өткізілді.Мектеп жеңімпаздары аудандық байқауға қатыстырылды.Сонымен қатар «Біздің таза көше» «Құстар – біздің досымыз» «Қанатты досты қорғайық» операциясы,
«Табиғатты аялайық!» тақырыбында үгітбригадалар байқауы өткізілді.Мұнда оқушылар өлең жолдарымен бізге табиғат байлығын сақтауға, күз көркемдігін тамашалауға, молшылық пен бейбітшілік туралы ұранды, жалынды сөздер жеткізді.Сонымен қатар 8-10 сыныптар арасында «Күз аруы» байқауы өтті. Мұнда қыздар өздерінің өнерін, білімін, талғамын, табиғатқа жанашырлығын көрсетті.Күзгі өнімдерден тамаша тағамдар жасады. «Саябақтар шеруі»
Желтоқсан айында 1-11 сыныптарға арналған «Қош келдің Жаңа жыл!» шырша мерекесі өтті.Мұнда 1-4 сыныптарда «Жаңа жыл ғажайыптары» тақырыбында ертегілер әлемінен кейіпкерлері келіп, ғажайып ертеңгілік ұйымдастырылады..Ата-аналар ертегілер қойылымын әзірледі. 5-6 сыныптарға арналған ертеңгілік «Жаңа жылдың жарығы таусылмасын» тақырыбында өткізіледі. Мұнда 5-6 сыныбы әзірлеген тамаша қойылымдар, ата-аналар комитетінің ертегілері, ән мен би, ойын алаңына айналған тамаша кеш болды. 7-8 сыныптарға арналған кеш «Қош келдің, Жаңа жыл!» деп аталды. Әрбір сынып өзінің жаңажылдық қойылымын әзірледі, жаңа жылдық киім үлгілерінің байқауы өтті, ата-аналардың дайындаған жаңа жылдық тағамдар мен сыйлықтар әзірленді.
Қаңтар айында «Бүгінгі студент-ертеңгі маман» атты студенттермен кездесу кеші өтті. Онда соңғы үш жылда бітірген студенттер шақырылып, сұхбат жүргізіп, 10-11 сынып дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Наурыз айында «Аналар- асыл жандар» атты іс-шаралар ұйымдастырылады. Мектеп алды даярлық тобынан бастап, 11 сыныпқа дейін ертеңгіліктер, сайыстар және мектепішілік салтанатты жиын өткізілді.Барлық іс-шараларға аналар қатыстырылды, ата-аналар комитеті, ардагер ұстаздар қатыстырылды.
Ұлыстың Ұлы күні-Наурызға арналған мектебімізде тамаша мереке ұйымдастырылды. Мектепалды және 1-4 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің Әз Наурыз!» ертеңгілігі өтті.
Бұл үлкен тойға әрбір сынып өз өнерін көрсетті, ұлттық ойындар ойналды, би биленді, ән шырқалды. Сахналандырылған көріністе нәрестенің бесікке салынуы «Шілдехана», «Тұсау кесер», «Тілашар» рәсімдері көрсетілді.Барлық рәсімдері сақталынды. Мұнда мектептегі ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен жұмысы сәтті өтті.
Бастауыш сыныптарда жыл сайын дәстүрлі «Қош бол-бастауыш!» ертеңгілігін осы жылы Айбатова.Ж ұйымдастырды. Барлығы 5 оқушы бастауышты аяқтап, ата-аналармен бірлескен іс-шара ұйымдастырды. Оқушылар ән салып, би биледі.
Еңбек және экономикалық тәрбие
Қыркүйек айында мектеп оқушылары еңбек десантын ұйымдастырып,мектеп аумағын тазалады.Қазан айында «Экологиялық патруль» отрядының жұмысы ұйымдастырылды.
Мектеп ауласын қысқыға дайындалып, сенбіліктер ұйымдастырылды.Отрядтың жетекшісі Кондудаеы.А. оқушылардың еңбекке баулуын қолға алып, еңбекқорлық пен жанашырлық, табиғатты қорғау бағытында тәрбие беруде.Сонымен қатар мектеп ауласын көркейтуге оқушылардың қосқан үлесі олардың өз мектебін мақтан етіп, қоршаған ортаны көркейтуіне себеп болады.Қаңтар айында-Түлектермен кездесу кеші ұйымдастырылды. 3 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер өздерінің еңбек жолдары туралы мәлімдеп, оқушыларды болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдауына ұсыныс жасады.
- Түрлі мамандықтарға арналған тақырыптық кештер мен сынып сағаттары 8-11 сыныптарға ұйымдастырылды.
Сәуір-мамыр айларында мектеп ауласын көгалдандыру, безендіру жұмыстары ұйымдастырылды.Әр сынып өз үлескісін шөптерден тазалап, гүлдер отырғызды. Петуния гүлдері отырғызылды. 2 маусымнан 31 тамыз аралығында белгіленген кесте бойынша мектеп ауласында сыныптардың 10 күндік еңбек практикасы жүреді.Мұнда гүлдерге су құйылып, күтіледі.Мектеп ауласындағы бау-бақшаны күтеді.Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, мектеп оқушыларының еңбекке құмарлығын, еңбексүйгіштігін қалыптастырады.
Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі
Бұл бағыт бойынша қыркүйек айында : Оқушылардың денсаулығы мен өмірін қорғау бойынша тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының жеткшілігімен Жолда жүру ережесі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша мектеп бұрышы жасақталды. Қазан айында Төтенше жағдай туған кездегі эвакуацияны жүзеге асырудың оқу-жапттығу шаралары ұйымдастырылады.Бұл шараны АӘД пәнінің мұғалімі Туралиев.Т. және мектеп медбикесі Асанова.Р өткізді. Мектепалды сыныбы мен 1-11 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар сынып жетекшілері сынып сағаттарын:«Тілсіз жау»/ өрт, топан су болған жағдайларда қандай шаралар жасау қажет/ тақырыбында өткізді. Қараша айында «Лаңкестік-қоғамға төнген қауіп» әңгіме жүргізіліп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 9-11 сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, қазіргі қоғамның жауы ланкестікті болдырмауға шақырды.. Сәуір айында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша тақырыптық сынып сағаттары өткізіледі.Өзен-көл жағалауында өмір қауіпсіздігін сақтауға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептің жас жол инспекторларының «Жалын» тобының ұйымдастыруымен жолда жүру ережесі және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша жас жол инспекторларының слетын өткізеді..Сонымен қатар мамыр айында барлық сыныптарда сынып жетекшілері қауіпсіздік ережелерімен оқушыларды таныстырды, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәрбие жұмысы бойынша жоспарланған іс-шаралардың сапалы өтілуі үнемі бақыланады.Алдағы уақытта ата-аналардың мұндай іс-шараларды өздері жүргізуі , ұстаздармен бірігіп жаңа оқу жылына жоспар құруда белсенділігін нығайту бағытында жұмыстану көзделді. Әсіресе ата-аналардың барлық іс-шаралар мен тәрбие сағаттарының өтілу барысында өз үлестерін қосу, мектеппен бірлесіп жұмыстану, ата-аналар комитетінің жұмысын жалғастыра отырып, бала тәрбиесіне әкелердің тартылуын қамтамасыз ету, «Әкелер кеңесін» құруды ойластыру.Сондай-ақ «Қыз балалар клубын» ашып, жұмыстану.Ата-аналардың әртүрлі байқаулар мен жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін, үнемі шығармашылықпен жұмыстанып, сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырыстарында тәжірибе алмасу, семинарлар өткізу.
Мектебімізде ыстық тамақты ұйымдастыру мәліметі.
Мектебімізде 2019-2020 оқу жылын 90 оқушымен тамамдадық. Оқушыларды сапалы ыстық тамақпен қамту жақсы деңгейде ұйымдастырылып келеді. Мектеп бойынша бастауыш сыныптан 41 оқушы, 32 аз қамтылған отбасы балалары, жалпы мектеп оқушыларының 78,0 пайызы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Ал бастауыш сынып оқушыларының 100 пайызы тегін тамақтанады. Биыл 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту үшін 2 млн. 600 теңге бөлінсе, аз қамтылған отбасы балаларына 1 млн. 30 теңге бөлініп отыр.
Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыру мақсатында жаңа оқу жылының басында жылдық жоспар құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша оқушылардың тамақтануының ұйымдастырылуы үнемі қадағаланып отырады. Қадағалау үшін арнайы кезекшілік кестесі құрылып, күнделікті балалардың дұрыс тамақтануын тексеріп, арнайы дәптерге жазып отырады.
Мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі мен мәдениеті жөнінде мектеп медбикесі, сынып жетекшілер мен тәрбие ісінің меңгерушісі тәрбие сағаттары мен дәріс сабақтар жүргізіп отырады. Сонымен қатар мектебімізде сәуір айында өткен, тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша онкүндік өткізудің іс-шара жоспары құрылып, жұмыстар атқарылды. Жалпы онкүндіктің мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану бойынша ақпараттануын арттыру арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтану сапасы мен мәдениетін жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. 1-10 сәуір аралығында «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын», атты 1-11 сынып аралығында тәрбие сағатар өткізілді. Соның ішінде 10 сыныпта өткен тәрбие сағатына тоқталатын болсақ: мектеп медбикесі Асанова.Р бірге өткізген тәрбие сағатында оқушыларға дұрыс тамақтану туралы ережелерімен және ағзамызға қажетті дәрумендерді көбірек пайдалану туралы, уақытылы тамақтанып, денсаулыққа көбірек көңіл бөлу керектігі туралы мәліметтер берілді.
Орындаған: ТЖО М.Еслашев
Сонымен қатар қазақ тілі пән мұғалімдері Муханбетжанов.Г мен Макарова.А «Оңтайлы тамақтану – денсаулық кепілі» атты 5-8 сыныптар арасында диктанттар жазылды. Қатысқан жалпы оқушы саны - 49. «Өте жақсы» баға алған оқушы саны – 20, «жақсы» баға алған оқушы саны – 21, «талпын» баға алған оқушы саны – 8;
«Оңтайлы тамақтану – денсаулық кепілі» атты 5-8 сыныптар
арасында диктанттардан көрініс
Мектеп асханасында 3-сәуір күні мектеп медбикесі Асанова.Р оқушыларға «Дұрыс тамақтану мәдениеті» туралы лекция оқыды. Онда дұрыс тамақтанудың 10 ережесімен толықтай таныстырылды.
Сонымен қатар тәлімгер Кондудаев.А мен «Жас ұлан» оқушылар ұйымы өткізген 5-10 сыныптар арасында «Тамақтану пирамидасы» атты КТК ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Сайыста 1орын алған-5 сынып оқушылары, 2 орын алған-6 сынып оқушылары, 3 орын алған- 7 сынып оқушылары, белсене қатысқаны үшін- 8,9,10 сынып оқушылары марапатталды. Оқушылар сайысқа өте жақсы дайындалған, тамақтану тәртібін әзілмен, жарнама түрінде жақсы көрсетіп, қабырға газеттерімен буклеттерін қорғап шықты.
Жалпы денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, тамақтану халықтың денсаулық деңгейін анықтайтын негізгі фактордың бірі болып табылады. «Бала ел ертеңі, ұлт болашағы» десек, Елбасы айтқандай: « Дені сау ұлт қалыптастыруды балалық кезеңнен бастау керек»-деп, ал, бала денсаулығының мықты болуының бір кепілі- дұрыс тамақтану. Қорыта айтқанда онкүндіктің өтілуі өз мақсатына жетіп, оқушыларға жақсы ой-пікірлер қалыптастыра алдық деген ойдамыз.
Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені бойынша
2021-2022 оқу жылындағы 9 –сыныптың қорытынды аттестаттау емтиханының
қорытынды есебі
Биылғы оқу жылында 9-сыныпта 8 оқушы білім алып шықты.
9 сыныптың білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары -2022 жылдың 28 мамыр -6 маусым аралығында өтті. Жалпы қорытынды аттестаттау емтиханына қатысқан оқушы саны -8.
Қорытынды аттестаттау емтиханын төмендегі келесі пәндер бойынша өтті:
- Қазақ тілі пәнінен (эссе) емтихан -2022 жылы 28 мамыр;
- Агебра пәнінен жазбзша емтихан -2022 жылы 31 мамыр;
- Орыс тілі пәнінен жазбаша емтихан -2022 жылы 3 маусым;
- Таңдау пәндері -2022 жылы 6 маусым аралығында өтті.
Қорытынды аттестаттау емтиханының нәтижесі
№ |
Пәннің аты |
Сыныбы |
Оқушы саны |
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
Білім сапасы |
Мұғалімі |
1 |
Қазақ тілі |
9 |
8 |
1 |
3 |
4 |
|
50% |
Макарова А.М. |
2 |
Алгебра |
9 |
8 |
0 |
5 |
3 |
|
66% |
Досмуханова Б.К. |
3 |
Орыс тілі |
9 |
8 |
1 |
3 |
4 |
|
50% |
Ержанова Г.Ж. |
4 |
Қазақ әдебиеті |
9 |
1 |
1 |
|
|
|
100% |
Макарова А.М. |
5 |
Физика |
9 |
5 |
0 |
2 |
3 |
|
40% |
Нурманова А.Е. |
6 |
Химия |
9 |
2 |
2 |
0 |
0 |
|
100% |
Мұратов Ә.А. |
9-сынып қорытынды аттестаттау емтиханының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім сапасы -50 пайыз.
№6 педагогикалық кеңестің шешімімен 9 сыныптың 8 оқушысы келесі 10 сыныпқа көшірілді.
Ұсыныстар:
1.Оқушылармен қайталау жұмыстарын жалғастыру,сондай-ақ жеке қабілеттерін дайындық деңгейі негізінде оқушылармен сараланған жұмыстар жүргізу.
Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені бойынша 2021-2022 оқу жылындағы 11 –сыныптың қорытынды аттестаттау емтиханының
қорытынды есебі
Биылғы оқу жылында 11-сыныпта 7 оқушы білім алып шықты. 7-уіде мемлекеттік емтиханды тапсырды.
Алтын белгіге үміткер -1(Мағзомова А.Ж.)
11 сынып білім алушылары қорытынды аттесттаттауды мынадай нысандарда және мерзімдерде тапсырды.
- Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан -2022 жылы 27 мамыр;
- Қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (эссе) 2022 жылы 30 мамыр;
- Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (ауызша) -2022 жылы 2 маусым;
- Орыс тілінен тестілеу -2022 жылы 7 маусымҒ
- Таңдау пәндері (тестілеу) -2022 жылы 10 маусым аралығында өтті.
Қорытынды аттестаттау емтиханының нәтижесі
№ |
Пәннің аты |
Сыныбы |
Оқушы саны |
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
Білім сапасы |
Мұғалімі |
1
|
Алгебра және анализ бастамалары |
11 |
7 |
1 |
4 |
2 |
0 |
71% |
Досмуханова Б.К. |
2 |
Қазақ тілі (эссе) |
11 |
7 |
2 |
5 |
0 |
0 |
100% |
Макарова А.М. |
3 |
Орыс тілі |
11 |
7 |
2 |
3 |
1 |
0 |
83% |
Туралиева А.Н. |
4 |
Қазақстан тарихы |
11 |
7 |
5 |
0 |
1 |
0 |
100% |
Ахметова А.У. |
|
Физика |
11 |
4 |
1 |
3 |
|
|
100% |
Нурманова А.Е. |
|
Биология |
11 |
1 |
0 |
1 |
|
|
100% |
Батыргалиев М.А. |
|
Қазақ әдебиеті |
11 |
2 |
2 |
|
|
|
100% |
Макарова А.М. |
11- сынып қорытынды аттестаттау емтиханының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» үміткер (Мағзомова А.Ж.) ақтап шықты. «Алтын белгі» төс белгісі және «Алтын белгі» аттестаты табысталды. 11 –сынып блім алушыларының білім сапасы -71 пайыз. Білім сапасын оқу тоқсанымен салыстырғанда тұрақты.
Шешім:
Қорытынды аттестаттау емтиханы қорытындысы қанағаттанарлық танылып, оқушылардың ҰБТ –да жыл бойы алған білімін көрсету үшін пән мұғалімдері мен оқушылардың дайындықтары күшейтілсін.
2021-2022 жылғы педагог-психологтың қорытынды сараптамасы
Былтырғы оқу жылында 1,5 сынып оқушыларының сабақтарына кіріп, балалардың бір -бірімен, мұғалімдермен қарым- қатынастарын оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары бақыланып, бейімделу жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айында баланың есте сақтау қабілетіне арналған тренинг сабақтары жүргізілді. Бірінші сынып оқушыларына Керн- Ирасектің «Мектепке дайындық деңгей бағдары» тест жүргізіліп, зерттеу мақсаты:оқушылардың мектепке дайындығын анықтау. Қорытындысы бойынша жоғары-75% , орташа 15 %,төмен 7% құрады. Төмен деңгейде көрсеткен оқушылармен түзету, дамыту жұмыстары жүргізілді.Ата -анасына ,сынып жетекшісіне ескертіліп, жеке кеңес өткізілді. Бірінші сынып оқушыларымен бейімделу деңгейін қалыптастыру мақсатында, баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын дамытуға бейімделу «Орман мектебі » ертегілер сериясы қыркүйек, желтоқсан айларында өткізілді, оқушылардың танымдық сферасы анықталды. Жас маман ұжымға, мұғалім жұмысына бейімделу мақсатында қажетті ақпараттар айтылып, психологиялық көмек көрсетілді. 11-сынып оқушыларына материалды қабылдау стратегиясын анықтау мақсатында В.А.Ананьевтің «ВАК- сауалнамасы » өткізілді. Бірінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейлерін анықтау мақсатында мектеп суреті әдістемесі өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша жоғары деңгейде 86 пайыз құрап, төмен деңгейде 7,7 % құрады. Бесінші сынып оқушыларына мектептік үрей деңгейлерін анықтау мақсатында Филлипс әдістемесі өткізілді. Қорытындысы бойынша мазасыздану деңгейі жоқ.Сегізінші сыныпқа «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жемқорлықтың алдын алу іс шарасы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары туралы түсінік беру, жемқорлықтың алдын алу іс шарасы өткізілді.Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары туралы түсінік беру, жемқорлықтың алдын алуға көмектесу.Бесінші сынып оқушыларына Айзенктің темпераментті зерттеу әдістемесі өткізілді. 11- cынып оқушыларына Зунгенің Т. И. Балашовпен бейімдеген «Депрессивтік жағдай» әдістемесі өткізілді. Қорытындысы бойынша жоғары депрессиялы оқушылар анықталған жоқ. Депрессиясыз оқушы саны 90 пайыз, жеңіл ситуативті оқушы саны 1 пайыз. 5-сынып ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ата аналар жиналысы өткізілді. Ата аналарға бейімделу процесі бойынша кеңес беру, жадынама таратылып, сауалнама жүргізілді.11-сынып оқушыларына үрейлену деңгейі анықталмады. 2-сынып оқушыларына Менің қызықты әлемім тренингтер жиынтығы жүргізілді.Оқушылар тренингке жақсы қатысып, өздерін еркін ұстады. 5-сынып оқушыларына «Біз біргеміз, берік іргеміз» атты тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты.Оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, бір бірін кеңірек танып білуге үйрету, көңіл күйлерін көтеру. Оқушылар өте белсенді қатысты. Агрессия көрсеткен, оқшауланған бала жоқ.5-сынып оқушыларына мұғаліммен қарым қатынас, пәнге деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында Мұғалім оқушы Клюеваның сауалнамасы өткізілді. Қортындысы бойынша қарым қатынас жасай алмайтын оқушы анықталмады.7-сынып оқушыларына «Бес саусақ» әдістемесі жүргізілді. оқушылар сынып бойынша өздерінің мінез құлықтарын қасындағы көршісі арқылы , білу және де жаман қасиеттерін қорытынды шығару.9-сынып оқушыларына мамандық таңдау дайындығының деңгейін анықтау мақсатында мамандық таңдау парағы әдістемесі өткізілді. 4-сынып оқушыларына мен походқа шығамын атты логикалық тренинг жүргізілді. 3-сынып оқушыларына, сыныпта жағымды қарым қатынас орнату мақсатында , топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа шақыру мақсатында топтық тренингтер жүргізілді.8-10 сынып оқушыларына «Қатыгездік және зорлық зомбылықсыз балалық шақ іс шарасы өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасындағы қатыгездіктің алдын алу, зорлық зомбылық фактілерін болдырмау, мектептегі күш көрсетудің алдын алу.6-сынып оқушыларына Достығымыз жарасқан тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасындағы достық қарым қатынасты нығайту. Оқушылар өте белсенді қатысты. 9-11- сынып оқушыларына темекі тартудың алдын алу мақсатында Өз болашағың – өз қолыңда тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушыларға қажетті мәліметтер түсіндірілді. Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалын зерттеу мақсатында Мұғалімдер арасындағы ынтымақтасты қалыптастыру өткізілді.қатысқаны -28.бесінші сынып оқушыларына тұлғааралық қарым қатынасты анықтау мақсатында сициометрия әдістемесі өткізілді.Балабақша тәрбиеленушілерімен танымдық процестерін зерттеу, психикалық процесстерінің деңгейі анықтау мақсатында әртүрлі тапсырмалар беріліп, жаттығулар өткізілді. Нәтижесінде танымдық процестері төмен оқушы анықталмады. Тәрбиеленушілеп еркін сөйлейді, ойларын анық айтады. Мектепішілік жалпы ата аналар жиналысы өткізіліп,суицид превенциясы жайлы айтылды, сонымен қатар тренингтер жүргізіліп, плакатпен топтық жұмыстар жүргізілді. 11-сынып оқушыларына Сенімділік күш береді атты тренинг сабақ өтті. Оқушылардың ҰБТ алдындағы үрейлерін басу. Жоғарғы сынып оқушыларына Мамандық таңдау сауалнамасы жүргізілді, оқушылар сауалнамаға жауап беріп, өздерінің мамандықтары жайлы айтып өтті. Сонымен қатар Менің ішкі әлемім атты тренинг сабақ өтті.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін одан әрі дамыту.
Психоағарту және психологиялық алдын алу бағыты бойынша:
Қазан айында 8-сыныпқа Суицид превенциясы бағдарламасы бойынша сауалнама өткізілді. Қатысқаны 18 оқушы. Сауалнамадан бас тартқан оқушы жоқ. Ата аналардың келісімі алынды. Қорытындысы бойынша жоғары топтағы оқушылар, тәуекел топтағы оқушылар анықталмады.
8 сынып «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жемқорлықтың алдын алу іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары туралы түсінік беру, жемқорлықтың алдын алуға көмектесу. 5-сынып оқушыларына «Біз біргеміз, берік іргеміз» атты тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, бір бірін кеңірек танып білуге үйрету, көңіл күйлерін көтеру. Оқушылар өте белсенді қатысты. Агрессия көрсеткен, оқшауланған бала жоқ. 8-9 сынып оқушыларына «Қатыгездік және зорлық зомбылықсыз балалық шақ» іс шарасы өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында қатыгездіктің алдын-алу , зорлық-зомбылық фактілерін болдырмау, мектептегі күш көрсетудің алдын алу. Шара барысында «сенім жәшігі» туралы мәлімет, тақырыпқа сәйкес баяндамалар, қызықты тренингтер өткізілді. Іс-шара барысында Спорт денсаулық кепілі атты спорттық жарыс, флешмобтар ұйымдастырылды. Достығымыз жарасқан тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасындағы достық қарым қатынасты нығайту. Оқушылар өте белсенді қатысты.9-11 сынып оқушыларына темекі тартудың алдын алу мақсатында «Өз болашағың- өз қолыңда» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Оқушыларға қажетті мәліметтер түсіндірілді. 11-сынып оқушыларына өз өзіне деген сенімділіктерінің деңгейін күшейту мақсатында Өз- өзіне қаншалықты сенімдісің? Тренингтер өткізілді. Оқушылар белсенді қатысты. Агрессия көрсеткен оқушы жоқ. Сонымен қаатар 8-10 сынып оқушыларына –өмір деген позитив көзқарас қалыптастыру мақсатында Өмір өз ойыңа байланысты тақырыптық кеш өткізілді. Тренингтер мен қызықты ойындарға оқушылар белсенді қатысты.
Мектепте «Сенім жәшігі» бар. Сенім жәшігіне хаттар түскен жоқ. Тәуекел тобына жататын оқушылар жоқ. Қатерлі балалар анықталмады. Оқу тәрбие үдерісіне қиындық әкелетін, мектепішілік бақылауда тұрған бала жоқ.
ЕББҚЕ оқушы бар,2-сынып оқушысы Қазбек Ақназар. Бұл оқушымен жыл бойына жеке жұмыс жоспарға сай, жұмыстар жүргізілді. Ата анасымен де қосымша жұмыстар жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республика бойынша жарияланған « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Оян «мектеп – бөбекжай – балабақша» кешені
бойынша кітап оқуына ықпал ету мақсатында қыркүйек пен наурыз айындағы өткізілген шаралар туралы мәтіндік есеп.
«20 минут оқыда, 3минут эссе жаз» акциясы бойынша
6-сынып оқушылары тілдер күніне арнап эссе жазды
http://oyan.taskala-bilim.edugov.kz/kz/2021-2022-ku-zhyly-b-jynsh-t-ld-udsfsd.html#sigFreeId939862f837
Қатысқан оқушы саны – 9. Мұғалімдер – 2.
"Әжемнің ертегілері" акциясы бойынша бастауыш сынып оқушылары
әжелерімен бірге акцияға белсене қатысуда.
Мақсаты: жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету.
Әжелер өнегесінің ерекшелігін ұғындыру.
http://oyan.taskala-bilim.edugov.kz/kz/2021-2022-ku-zhyly-b-jynsh-t-ld-udsfsd.html#sigFreeId1f5f45aef9
Қатысқан оқушылар саны – 8
Қатысқан ата – ана - 8
Сілтеме: http:// m. facebook.com/ story.php? story_fbid= 710441986620547 &id=100029642562278
«Кітаппен өткен демалыс күндері қызық» акциясы бойынша кішкентай оқырмандарым демалыс сәттерін кітап оқуға бөлді.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін жетілдіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырмандардың демалыс сәттерін тиімді пайдалануға шақыру. Қысқы демалысқа арналған қысқы ертегілер саяхат атты шаралар өтті спекирлер оқушыларға викториналық сұрақтар қойып ата -аналармен бірге библио глобус ұйымдастырылды. Ұяшықтардан жасырын сұрақтар жасырылып,тапқан оқушыларға сыйлықтар берілді.
http://oyan.taskala-bilim.edugov.kz/kz/2021-2022-ku-zhyly-b-jynsh-t-ld-udsfsd.html#sigFreeId5f5661880e
Қатысқан оқушы саны – 14. Ата-ана - 7.
Сілтеме: http:// m. facebook.com/ story.php? story_fbid= 718606652470747 &id=100029642562278
"Анашым маған кітап оқып берші" акциясы бойынша Губайдуллина Сауле балақайларға
"Алдаркөсе мен көк қасқыр ертегісін оқып берді.
Тек оқушының ғана емес, ата-ананың ықпалын арттыру мақсатында
"Әкеммен бірге" акциясы да жалғасуда.
http://oyan.taskala-bilim.edugov.kz/kz/2021-2022-ku-zhyly-b-jynsh-t-ld-udsfsd.html#sigFreeId6a223b4b0e
Мақсаты: Баланың терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптын орын алатын түсіндіру; оны оқып баланың жүрегіне жеткізудегі ата -ана ның рөлі.
Қатысқан оқушы саны – 2. Ата-ана - 2.
“Мектебімізде кітап рухани сарқылмас қазына” атты танымдық сағат өтті.Ата-
аналар Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі” кәтабы бойынша өздері оқыған
әңгімелерінен балалармен бірге талқылады.Соңынан библио лото ойыны
жалғасты.
Мақсаты: Отбасылық кітап оқу дәстүрін жалғастыру.Ата -аналармен балалардың
бос уақытын бірге өткізу.Қатысқан оқушылар саны: 5, ата- аналар: 5
http://oyan.taskala-bilim.edugov.kz/kz/2021-2022-ku-zhyly-b-jynsh-t-ld-udsfsd.html#sigFreeId73c43646f2
Сілтеме: http:// m. facebook.com/ story.php? story_fbid= 661641888167224 & id=100029642562278
2021-2022 оқу жылындағы Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешеніндегі қосымша білім беру педагогінің жылдық қорытынды есебі.
Биылғы оқу жылындағы қосымша білім беруде мектебімізде біркелкі жұмыстар жүргізілді. Пән бірлестіктер мен сынып жетекшілер дарынды балаларға арналған жоспарларын құрып, сол бағытта жұмыстар жүргізуді жылдағы үрдіс бойынша жалғастырды.
Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс шығармашылық қабілеттің дамуы әр бір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін білдіру.
ЖББ Оян ОМББК-де оқу жылының басында дарынды оқушылармен жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар уақытылы жүргізілді. Мектеп психологымен бірлесіп, дарынды оқушыларды анықтау мақсатында «Дарындылық тесті» жүргізіліп, дарынды оқушылар анықталды. Сонымен қатар, сыныптан тыс уақыттағы үйірме жұмыстарының жоспары құрылып жасақталды. Биылғы оқу жылында мектебімізде 2 үйірме және 2 спорт секциясы өз жұмысын бастады. Үйірмелерді жүргізуге жетекшілер тағайындалып, жоспарлары бекітілді. Әр үйірмелерге қатысатын бала санымен, жетекшілеріне тоқталсақ:
- «Робототехника» үйірмесінде 8 оқушы, жетекшісі: Ә.Мұратов
- «Домбыра» үйірмесінде 10 оқушы, жетекшісі: М.Еслашев
- «Волейбол» үйірмесінде 20 оқушы, жетекшісі: Ж.Койшибаев, М.Юсупов
- «Үстел теннисі» үйірмесінде 10 оқушы, жетекшісі: Н.Нажимов
Мектебіміздің оқушылары мектепішілік, аудандық, республикалық жарыстарға, сайыстарға белсене қатысып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді.
Қыркүйек айынан бастап мектебіміздің дарынды оқушылары түрлі деңгейде шараларға қатысқан болатын. Соның бірі аудандық «Ұстаздың ұлы бейнесі» атты жас суретшілер байқауында 4-сынып оқушысы Даулетова Гүлсезім ІІІ орынды иеленсе, аудандық «Ұлы елдің ұрпағымын» эссе жазудан 5-сынып оқушысы Илан Фатима І орынды иеленді. Жетекшісі: Макарова А.М. Сонымен қатар, 5-сынып оқушысы Абухан Айару аудандық спорттық бағдарлау жарысында І орынды иеленсе, облыстық "Батыс Азимут-2021" спорттық бағдарлауда ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Юсупов М.Н.
Қазан айында «Ақ желкен» регата және олимпиадасына мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қатысып, Оян командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Осы олимпиадада 5-сынып оқушысы Шафхат Ернат және 7-сынып оқушысы Бөлекбай Аружан ІІ орындарды иеленді. Жетекшісі: Досмуханова Б.К.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Мақтанышым-Қазақстан"облыстық мәнерлеп оқу байқауынан 3-сынып оқушысы Сапарғали зухра ІІІ орын алды. Жетекшісі: Айбатова Ж.Д. Сонымен қатар, аудандық «Қызықты жануарлар әлемі» экологиялық брейн-
ринг байқауында 7-сынып оқушысы Бөлекбай Аружан Гранпри иегері атанды. Жетекшісі: Батыргалиев М.А. Аудандық «Сен туған Қазақстанды білесін бе?» байқауында 5-7 сынып оқушыларынан құралған командасы ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Макарова А.М., Мухамбетжанова Г.А.
Мектебіміздің оқушылары әр түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, Ақжайық ауданында өткен облыстық волейболдан мектебіміздің қыздар командасы жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Юсупов М.Н.
Қараша айында өткен аудандық «Тамаша тарландары» әзіл оспақ сайысына қатысып, Оян командасынан құралған оқушыларымыз жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Даулетова Г.М. Сонымен қатар, мектебіміздің оқушылары 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5-сынып оқушысы Илан Фатима ІІІ орынды және 6-сынып оқушысы Казбеков Муслим ІІІ орынды иеленсе, «Жаратылыстану» пәнінен 5-сынып оқушысы Шафхат Ернат ІІ орынды және 6-сынып оқушысы Лазар Нұрсұлтан ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Батыргалиев М.А.
Желтоқсан айында өткен аудандық «Ұрпақ санасындағы ұлы арман» байқауында «Вокалдық топ» номинациясы бойынша Бақтығали Гүлназ және Гүлзат, Абухан Айару, Әділхан Алтынзер І орынды иеленсе, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша Әділхан Алтынзер лауреат атанды. Жетекшісі: Еслашев М.Х.
Экология бағыты бойынша өткен «Менің ауылымның экологиялық проблемалары» тақырыбында Даулбаев Санжар, Қанзит Бейбарыс, Танашова Гүлфая ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, 9-сынып оқушысы Романұлы Нұрберген Жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Ахметова А.У.
Мектебіміздің оқушылары аудандық «Тәуелсіздік кубогы» атты жайдарман ойынына қатысып, Оян командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Еслашев М.Х. Сонымен қатар, аудандық «Желтоқсан үні ызғарлы» сырттай сурет байқауында 8-сынып оқушысы Темірхан Нұрлыбек ІІ орынды иеленді.
І жартыжылдық бойынша мектебіміздің оқушылары төмендегідей нәтиже көрсетті: аудандық – 18, облыстық – 4.
ІІ жартыжылдықта да мектебіміздің оқушылары әр түрлі байқауларға белсене қатысты. Атап айтсақ, 2 ақпан күні өткен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңінде «Менің кәсібім – менің бизнесім» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Даулбаев Санжар І орынды иеленсе, «Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Таңатжан Гүлжаухар ІІ орынды иеленді. Жетекшілері: Батыргалиев М.А., Насырова Р.Х. Сонымен қатар, аудандық «Мұқағали оқулары» байқауына мектебіміздің 8-сынып оқушысы Бөкей Айдана қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Мухамбетжанова Г.А.
14 ақпан күні өткен аудандық «Әбіш оқулары» байқауында мәнерлеп оқу номинациясынан 11-сынып оқушысы Насибуллаева Аяулым ІІ орынды, сахналық қойылым номинациясы бойынша 7-9-сынып оқушылары ІІ орынды иеленді. Жетекшілері: Макарова А.М., Еслашев М.Х. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде «Биология» пәнінен Даулбаев Санжар жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Математика» пәнінен Мағзомова Аружан ІІІ орынды, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 8-сынып оқушысы Бөкей Айдана ІІІ орынды, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 11-сынып оқушысы Бақтығалиева Дилназ иеленді. Жетекшілері: Батыргалиев М.А., Досмуханова Б.К., Мухамбетжанова Г.А., Макарова А.М.
17 ақпан күні өткен аудандық «Ғылым әлемін ашамыз» көрме байқауында «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» номинациясы бойынша 9-сынып оқушылары Бұлқайыр Мират пен Танашова Гулфая І орынды иеленді. Жетекшісі: Нурманова А.Е. Сонымен қатар, «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңінде «Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясынан 11-сынып оқушысы Даулбаев Санжар ІІ орын алды. Жетекшісі: Батыргалиев М.А.
25 ақпан күні өткен аудандық «Қадыр оқулары» байқауында 11-сынып оқушысы Бақтығалиева Дилназ ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Макарова А.М.
5 наурыз күні өткен аудандық «Ана махаббаты» сырттай фотосурет байқауында 1-сынып оқушысы Еркингалиева Сабина І орын алды. Жетекшісі: Койшибаева А.Х. «Қазақстан балалары шексіз әлемде» аудандық сырттай балалар кино фестивалі байқауында 8-сынып оқушысы Талғат Әли ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Зинолла М.С.
Мектебіміздің оқушылары онлайн олимпаиадаларға да белсене қатысты. Атап айтсақ, наурыз айында «Nio.kz» Республикалық Ұлттық Интернет олимпиада сайты «Математика» пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасынды Бекет Ұлыбек, Бөлекбай Аружан, Мағзомова Аружан жүлделі І орындарды иеленді. Жетекшісі: Досмуханова Б.К. Сонымен қатар, «Алаш ардақтысы» атты республикалық байқауында көркем сөз оқу номинациясы бойынша 3-сынып оқушылары Абуғали Алтынзер, Нұржан Лаяна, Нургалиева Азалия, Сапарғали Зухра І орындарды иеленді. Жетекшісі: Айбатова Ж.Д.
1 cәуір күні өткен «Bilim High» атты 9-11 сынып оқушылары арасындағы телевизиялық жобаның аудандық кезеңінде Бақтығалиева Дилназ І орын алды. Жетекшісі: Макарова А.М. Ауданымызда ұйымдастырылған «Балөнер – 2022» балалар мен жасөспірімдер драма үйірмелер байқауында мектебіміздің 5-11-сынып оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Еслашев М.Х. Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі «Математика» пәнінен 8-сынып оқушысы Уралбаева Айнара ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Нурманова А.Е.
8 cәуір күні өткен аудандық Абай оқуларының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Бөкей Айдана ІІ орынды, «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Бақтығалиева Дилназ І орынды, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Насибуллаева Аяулым І орынды иеленді. Жетекшілері: Макарова А.М., Мухамбетжанова Г.А. Сонымен қатар, «Мейірімді көктем» атты аудандық сырттай сурет байқауында мектебіміздің 3-сынып оқушысы Сапарғали Зухра І орын алды. Жетекшісі: Айбатова Ж.Д. Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Романұлы Нұрберген аудандық «Тазша бала» байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Даулетова Г.М.
12 cәуір күні өткен облыстық «Абай оқулары» байқауында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Насибуллаева Аяулым ІІІ орынды, «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Бақтығалиева Дилназ Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Макарова А.М.
14 cәуір күні өткен Волейболдан 2009 ж.т. және одан кіші жасөспірім қыздар арасында Тасқала ауданы біріншілігінде Оян МББК командасы І орынды иеленді. Осы жарыста «Үздік байланыстырушы» номинациясымен 8-сынып оқушысы Серік Саягүл марапатталды. Жетекшісі: Юсупов М.Н. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында аудандық әскери-патриоттық «Жас сарбаз» байқауында автоматты толық бөлшектеу және құрастыру жарысында Бөлекбай Аружан және Уразалиев Ғалымжан ІІІ орынды, әскери қолданбалы спорт түрі жарысында Бөлекбай Аружан ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Туралиев Т.К.
18 cәуір күні өткен аудандық «Жүрегімнен жыр жазамын» жас ақындар мүшайрасы «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша Романұлы Нұрберген І орынды иеленді. Жетекшісі: Мухамбетжанова Г.А. Аудандық «Ақұштап оқулары» шығармаларынан «Өлең деген құдірет» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауында 8-сынып оқушысы Ажгалиева Айша І орынды, «Жырымды саған арнаймын» жазба ақындар мүшайрасы байқауында 5-сынып оқушысы Илан Фатима ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Макарова А.М., Мухамбетжанова Г.А.
28 cәуір күні өткен XIX аудандық «Intel junior-2022» олимпиадасында 4-сынып оқушысы Ажгалиев Абдулджамил ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Даулетова Г.М.
Мектебіміздің оқушылары спорттық жарыстарға да белсене қатысты. Атап айтсақ, 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Тасқала ауданының біріншілігінде 6-сынып оқушысы Талғатұлы Бекжан ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Койшибаев Ж.М. Сонымен қатар, 2009-2010 ж.т. қыздар арасында волейболдан Ақжайық ауданының ашық турнирінде Оян МББК командасы ІІІ орынды иеленді. Осы турнирде мектебіміздің 6-сынып оқушысы Әділхан Алтынзер «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Юсупов М.Н.
«Еңбек – елдің мұраты» республикалық мамандықтар жәрмеңкесі атты 5 ауысым бағдарламасы барысында өткізілген «Чемпион» СМ «Қол күрес» ойынынан 9-сынып оқушысы Бөкей Айдана ІІІ орынды иеленді. Облыстық «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» байқауына мектебіміздің оқушылары Бөлекбай Аружан, Бөкей Айдана, Даулбаев Санжар қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Батыргалиев М.А.
17 мамыр күні өткен аудандық ғылыми жобалар конкурсында «Физика» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Танашова Гулфая ІІІ орынды, «Математика» секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Бөлекбай Аружан ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Құспанова Д.М., Досмуханова Б.К. Сонымен қатар, аудандық «Бір отбасы – бір кітап» байқауында Бөкей Айдана ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Сисенгалиева І.Ж.
Жеңіл атлетикадан 2013 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Тасқала ауданы біріншілігінде 500 м қашықтықта 3-сынып оқушысы Нұржан Лаяна ІІІ орынды, 2007-2006 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 1000 м қашықтықта Танашова Диляра ІІІ орынды, 2010-2011 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 1000 м қашықтықта Талғатұлы Бекжан І орынды, 2010-2011 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 60 м қашықтықта Талғатұлы Бекжан ІІ орынды иеленді. Жеңіл атлетикалық кросстан эстафетада жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Тасқала ауданы біріншілігінде 4×100 қашықтықта Бөлекбай Аружан мен Танашова Диляра ІІІ орынды, ұлдар арасында Уразалиев Ғалымжан ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, жеңіл атлетикалық кросстан 2007-2006 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 100 м қашықтықта Танашова Диляра ІІ орынды, 2012 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 30 м қашықтықта Бекет Ұлыбек І орынды, 2013 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 30 м қашықтықта Құрмантай Аңсар ІІ орынды, жеңіл атлетикадан эстафетада жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 4×100 қашықтықта Бекет Елшат ІІІ орынды, жеңіл атлетикадан 2006-2007 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Уразалиев Ғалымжан ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Юсупов М.Н.
27 мамыр күні өткен «Green time» аудандық байқауында «Trendy trash» номинациясы бойынша 3-сынып оқушысы Нұржан Лаяна ІІІ орынды, «Экологиялық күнтізбе» номинациясы бойынша Абуғали Алтынзер ІІ орынды, «Экология және поэзия» номинациясы бойынша Сапарғали Зухра ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Айбатова Ж.Д. Сонымен қатар, аудандық «Жасыл сахна» қашықтан байқауында мектебіздің 3-сынып оқушылары Абуғали Алтынзер, Сағындық Кәусар, Бақтыгереев Алимжан, Нургалиева Азалия жүлделі І орын алып, облысқа жолданды. Облыстық кезеңде мектебіміздің оқушылары ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Айбатова Ж.Д.
Маусым айында балалар күніне орай ұйымдастырылған жиында мектебіміздің оқушысы Сапарғали Зухра аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 7 мамыр күні ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені» атты сырттай бейнероликтер байқауында Бөкей Айдана ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Зинолла М.С. Сонымен қатар, «Экосоқпақ» жас экологтар мен натуралистер слетінің «Орнитология» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Лазар Нұрсұлтан І орынды иеленді. Жетекшісі: Батыргалиев М.А.
Аудандық «Үздік жазғы мектеп – 2022» сырттай байқауында Оян МББК жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жалпы қорытындылай келе, 2021-2022 оқу жылында оқушыларымыз түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті: аудандық – 75, облыстық – 15, республикалық – 8.