06 Қырқ 2022
2022 - 2023 оқу жылы

Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс - шаралар

Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу бойынша жоспарға сай шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Мектебіміздің екінші  қабатында орнатылған теледидардан осы тақырыпқа байланысты бейнероликтерді көрсетіп, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндіріліп, көрсетілді. Сонымен қатар төменгі қабатқа «Алаяқтан сақ болу» тақырыбында жадынамалар ілінді. Қаңтар айының 24-ші жұлдызында, мектеп жасындағы оқушыларға қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау  мақсатында мектебімізде 8-11 сынып аралығында оқушыларға «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты баяндама оқылып, слайд көрсетіліп, түрлі жадынамалар таратылды. Ақпан айының 23-ші күні атап айтар болсақ ,құқықбұзушылық және заң бұзушылық тақыбында 8-11 сынып ер балаларына мектеп директорының орынбасары М.Еслашев пен мектеп психологі А.Құрманғалиева жиналыс өткізді. Сонымен қатар осы тақырыпта оқушыларға бейнебаян көрсетілді. Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мектеп қабырғаларына сенім телефондары ,сенім жәшіктері қойылды. Адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру, жемқорлықты алдын-алу мәселелері бойынша сынып сағаттары өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің және Облыстық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Парасатты отбасы» байқауына мектебімізден 3-сынып оқушысы Абуғали Алтынзер мен 4-сынып оқушысы Темірхан Гүлсезімнің ата-аналары қатысты. Алдағы уақытта осы бағытта өткізетін шараларға мектебімізден қатысушылар саны көп болса дейміз. Жемқорлықтың алдын - алу бойынша 1-11 сыныптар аралығында «Қоғамдық тәртіп негіздері», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Жемқорлық індет, жою міндет», «Жемқорлық – қоғам жауы», т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. «Жемқорлық деген не?» тақырыбымен шығармалар байқауы ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылды. «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбымен 4-6 сыныптар арасында суреттер сайысы ұйымдастырылды. «Жемқорлыққа жол жоқ!» деген ұранды қолға алған, өз елінің патриоттары көп болса деген мақсатта өтіп жатқан бұл шаралардың қосар үлесі мол деп ойлаймыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіс екенімізді кейінгі ұрпаққа көрстеу парыз.

 

ТЖО:                                    М.Еслашев